2) мүмкіндігі шектеулі адамдардың мемлекеттік немесе əлеуметтік жауапкершілігі бар көрсетілетін қызметтерді алуы кезінде оларға қажетті жағдайлар жасауға;
2026.09.01. № 254-VIII ҚР Заңымен 3) тармақша өзгертілді (2026 ж. 12 наурыздан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)
3) көрсетілетін қызметті алушыларға мемлекеттік немесе əлеуметтік жауапкершілігі бар қызметтер көрсету тәртібі туралы қолжетімді нысанда толық және анық ақпарат ұсынуға;
2015.17.11. № 408-V ҚР Заңымен 4) тармақша жаңа редакцияда (2016 ж. 1 наурыздан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара); 2026.09.01. № 254-VIII ҚР Заңымен 4) тармақша өзгертілді (2026 ж. 12 наурыздан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)
4) Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес, орталық мемлекеттік органдарға, облыстардың, республикалық маңызы бар қалалардың, астананың, аудандардың, облыстық маңызы бар қалалардың жергілікті атқарушы органдарына, қаладағы аудандардың, аудандық маңызы бар қалалардың, кенттердің, ауылдардың, ауылдық округтердің әкімдеріне, өзге де көрсетілетін қызметті берушілерге, Мемлекеттік корпорацияға мемлекеттік немесе əлеуметтік жауапкершілігі бар қызметтерді көрсету, оның ішінде ақпараттық жүйелерді интеграциялау арқылы көрсету үшін қажетті құжаттар мен ақпаратты ұсынуға;
2015.17.11. № 408-V ҚР Заңымен 5) тармақша жаңа редакцияда (2016 ж. 1 наурыздан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара); 2019.25.11. № 272-VІ ҚР Заңымен (бұр.ред.қара); 2022.14.07. № 141-VІІ ҚР Заңымен (бұр.ред.қара); 2026.09.01. № 254-VIII ҚР Заңымен (2026 ж. 12 наурыздан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара) 5) тармақша өзгертілді
5) бір жұмыс күні ішінде көрсетілетін мемлекеттік немесе əлеуметтік жауапкершілігі бар қызметтерді қоспағанда, мемлекеттік қызмет көрсету тәртібін айқындайтын заңға тәуелді нормативтік құқықтық актіде немесе əлеуметтік жауапкершілігі бар қызметтер көрсету қағидаларында белгіленген мемлекеттік немесе əлеуметтік жауапкершілігі бар қызмет көрсету мерзімі өткенге дейін бір тәуліктен кешіктірмей Мемлекеттік корпорация арқылы көрсетілетін мемлекеттік немесе əлеуметтік жауапкершілігі бар қызметтің нәтижесін Мемлекеттік корпорацияға жеткізуді қамтамасыз етуге;
2015.03.12. № 433-V ҚР Заңымен (2016 ж. 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгiзiлдi) (бұр.ред.қара); 2022.27.06. № 129-VII ҚР Заңымен (бұр.ред.қара) 6) тармақша жаңа редакцияда
6) мемлекеттік қызметтер көрсету саласындағы қызметкерлердің біліктілігін арттыруға, сондай-ақ мүгедектігі бар адамдармен қарым-қатынас жасау дағдыларына үйретуге;
7) көрсетілетін қызметті алушылардың шағымдарын осы Заңда белгіленген мерзімдерде қарауға және оларды қарау нәтижелері туралы хабардар етуге;
2019.25.11. № 272-VІ ҚР Заңымен 8) тармақша жаңа редакцияда (бұр.ред.қара); 2026.09.01. № 254-VIII ҚР Заңымен 8) тармақша өзгертілді (2026 ж. 12 наурыздан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)
8) көрсетілетін қызметті алушылардың мемлекеттік немесе əлеуметтік жауапкершілігі бар көрсетілетін қызметтің орындалу сатысы туралы ақпаратты алу мүмкіндігін қамтамасыз етуге;
9) көрсетілетін қызметті алушылардың бұзылған құқықтарын, бостандықтары мен заңды мүдделерін қалпына келтіруге бағытталған шараларды қолдануға;
2019.25.11. № 272-VІ ҚР Заңымен 10) тармақша жаңа редакцияда (бұр.ред.қара); 2026.09.01. № 254-VIII ҚР Заңымен 10) тармақша өзгертілді (2026 ж. 12 наурыздан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)
10) мемлекеттік немесе əлеуметтік жауапкершілігі бар қызметтер көрсету үшін пайдаланылатын, сондай-ақ оларды көрсету үшін қажет болатын өзекті мәліметтерді қамтитын ақпараттық жүйелердің іркіліссіз жұмыс істеуін қамтамасыз етуге;
2026.09.01. № 254-VIII ҚР Заңымен 11) тармақша өзгертілді (2026 ж. 12 наурыздан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)
11) мемлекеттік немесе əлеуметтік жауапкершілігі бар қызмет көрсету сатысы туралы деректерді оларды көрсету мониторингінің ақпараттық жүйесіне ақпараттандыру саласындағы уәкілетті орган белгілеген тәртіппен енгізуді қамтамасыз етуге;
2019.25.11. № 272-VІ ҚР Заңымен (бұр.ред.қара); 2020.25.06. № 347-VІ ҚР Заңымен (бұр.ред.қара); 2026.09.01. № 254-VIII ҚР Заңымен (2026 ж. 12 наурыздан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара) 12) тармақша өзгертілді
12) егер Қазақстан Республикасының заңдарында өзгеше көзделмесе, мемлекеттік немесе əлеуметтік жауапкершілігі бар қызметтер көрсету кезінде ақпараттық жүйелерде қамтылған, заңмен қорғалатын құпияны құрайтын мәліметтерді пайдалануға көрсетілетін қызметті алушының жазбаша келісімін немесе электрондық цифрлық қолтаңбамен расталған келісімін не ұялы байланыс абоненттік құрылғысы арқылы келісімін алуға;
2020.25.06. № 347-VІ ҚР Заңымен 13) тармақшамен толықтырылды; 2022.14.07. № 141-VІІ ҚР Заңымен (бұр.ред.қара); 2026.09.01. № 254-VIII ҚР Заңымен (2026 ж. 12 наурыздан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара) 13) тармақша өзгертілді
13) мемлекеттік қызметтер көрсету тәртібін айқындайтын заңға тәуелді нормативтік құқықтық актілерде немесе əлеуметтік жауапкершілігі бар қызметтер көрсету қағидаларында көзделген жағдайларда мемлекеттік немесе əлеуметтік жауапкершілігі бар қызметтер көрсету үшін цифрлық құжаттар сервисінен электрондық құжаттарды пайдалануға;
2022.14.07. № 141-VІІ ҚР Заңымен 14) тармақшамен толықтырылды; 2026.09.01. № 254-VIII ҚР Заңымен 14) тармақша өзгертілді (2026 ж. 12 наурыздан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)
14) Қазақстан Республикасының заңдарында белгіленген жағдайларда және негіздер бойынша мемлекеттік немесе əлеуметтік жауапкершілігі бар қызметтерді көрсетуден бас тартуға міндетті.
Мемлекеттік немесе əлеуметтік жауапкершілігі бар қызметтер көрсету кезінде көрсетілетін қызметтерді алушылардан:
2022.14.07. № 141-VІІ ҚР Заңымен 1) тармақша жаңа редакцияда (бұр.ред.қара)
1) мемлекеттік немесе əлеуметтік жауапкершілігі бар қызметтерді көрсету үшін пайдаланылатын ақпараттық жүйелерден немесе цифрлық құжаттар сервисінен алуға болатын құжаттар мен мәліметтерді;
2023.20.04. № 226-VІІ ҚР Заңымен 2) тармақша өзгертілді (2023 ж. 1 шілдеден бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)
2) Қазақстан Республикасының әлеуметтік қорғау туралы заңнамасында көзделген жағдайларды қоспағанда, көрсетілетін қызметті берушінің Мемлекеттік корпорацияның салыстырып-тексеруі үшін түпнұсқалары ұсынылған құжаттардың нотариат куәландырған көшірмелерін талап етуге жол берілмейді.
2026.09.01. № 254-VIII ҚР Заңымен 2-тараудың тақырыбы өзгертілді (2026 ж. 12 наурыздан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)
2-тарау. МЕМЛЕКЕТТІК ЖƏНЕ ƏЛЕУМЕТТІК ЖАУАПКЕРШІЛІГІ БАР ҚЫЗМЕТТЕР КӨРСЕТУ САЛАСЫНДАҒЫ МЕМЛЕКЕТТІК РЕТТЕУ
2023.19.04. № 223-VІІ ҚР Заңымен 6-бап жаңа редакцияда (2023 ж. 1 мамырдан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара); 2026.09.01. № 254-VIII ҚР Заңымен 6-бап өзгертілді (2026 ж. 12 наурыздан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)
6-бап. Қазақстан Республикасы Үкіметінің мемлекеттік жəне əлеуметтік жауапкершілігі бар қызметтер көрсету саласындағы құзыреті
Қазақстан Республикасының Үкіметі мемлекеттік жəне əлеуметтік жауапкершілігі бар қызметтер көрсету саласындағы мемлекеттік саясаттың негізгі бағыттарын әзірлейді және оны жүзеге асыруды ұйымдастырады.
7-бап. Мемлекеттік қызметтер көрсету сапасын бағалау және бақылау жөніндегі уәкілетті органның құзыреті
Мемлекеттік қызметтер көрсету сапасын бағалау және бақылау жөніндегі уәкілетті орган:
1) өз құзыреті шегінде мемлекеттік қызметтер көрсету саласындағы мемлекеттік саясаттың іске асырылуын қамтамасыз етеді;
2015.23.11. № 417-V ҚР Заңымен (бұр.ред.қара); 2022.14.07. № 141-VІІ ҚР Заңымен (бұр.ред.қара) 2) тармақша жаңа редакцияда
2) мемлекеттік қызметтер көрсету сапасын мемлекеттік бақылауды жүзеге асырады, талдау және мониторингтеу негізінде оларды көрсету кезінде бұзушылықтардың алдын алуға және көрсетілетін қызметті алушылардың құқықтары мен заңды мүдделерін қамтамасыз етуге бағытталған ұсыныстарды тұжырымдайды;
2015.23.11. № 417-V ҚР Заңымен 3) тармақша жаңа редакцияда (бұр.ред.қара)
3) мемлекеттік қызметтер көрсету сапасын мемлекеттік бақылау қағидаларын әзірлейді және бекітеді;
4) мемлекеттік қызметтер көрсету сапасын ішкі бақылау нәтижелері туралы ақпарат сұратады;
5) ақпараттандыру саласындағы уәкілетті органмен келісу бойынша мемлекеттік қызметтер көрсету сапасын бағалау әдістемесін әзірлейді және бекітеді;
2018.13.06. № 160-VI ҚР Заңымен 6) тармақша жаңа редакцияда (бұр.ред.қара); 2022.04.07. № 134-VІІ ҚР Заңымен 6) тармақша өзгертілді (бұр.ред.қара)
6) мемлекеттік қызметтер көрсету сапасына қоғамдық мониторинг жүргізу бойынша мемлекеттік әлеуметтік тапсырысты қалыптастыруды, оның іске асырылу мониторингін және нәтижелерін бағалауды жүзеге асырады;
7) 2015.02.11. № 384-V ҚР Заңымен алып тасталды (2016 ж. 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)
8) жеке тұлғаларға және коммерциялық емес ұйымдарға мемлекеттік қызметтер көрсету сапасына қоғамдық мониторинг жүргізу жөнінде ақпараттық, консультациялық, әдістемелік қолдау көрсетеді;
9) осы Заңда, Қазақстан Республикасының өзге де заңдарында, Қазақстан Республикасы Президентінің актілерінде көзделген өзге де функцияларды жүзеге асырады.
2026.09.01. № 254-VIII ҚР Заңымен 8-бап өзгертілді (2026 ж. 12 наурыздан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)
8-бап. Мемлекеттік жəне əлеуметтік жауапкершілігі бар қызметтер көрсету саласындағы уәкілетті органның құзыреті
Мемлекеттік жəне əлеуметтік жауапкершілігі бар қызметтер көрсету саласындағы уәкілетті орган:
2023.19.04. № 223-VІІ ҚР Заңымен 1) тармақша жаңа редакцияда (2023 ж. 1 мамырдан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара); 2026.09.01. № 254-VIII ҚР Заңымен 1) тармақша өзгертілді (2026 ж. 12 наурыздан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)
1) мемлекеттік немесе əлеуметтік жауапкершілігі бар қызметтер көрсету саласындағы мемлекеттік саясатты қалыптастырады және іске асырады;
2) 2023.23.12. № 50-VIII ҚР Заңымен алып тасталды (2024 ж. 24 ақпаннан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)
2019.25.11. № 272-VІ ҚР Заңымен 2-1) тармақшамен толықтырылды
2-1) мемлекеттік көрсетілетін қызметтер тізілімін бекітеді және мемлекеттік қызметтер көрсету сапасын бағалау және бақылау жөніндегі уәкілетті органмен және мемлекеттік басқару жүйесін дамыту саласындағы уәкілетті органмен келісу бойынша оған өзгерістер мен толықтырулар енгізеді;
3) мемлекеттік көрсетілетін қызметтер тізілімін әзірлеуді және жүргізуді жүзеге асырады;
4) 2019.25.11. № 272-VІ ҚР Заңымен алып тасталды (бұр.ред.қара)
2019.25.11. № 272-VІ ҚР Заңымен 5) тармақша жаңа редакцияда (бұр.ред.қара); 2026.09.01. № 254-VIII ҚР Заңымен 5) тармақша өзгертілді (2026 ж. 12 наурыздан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)
5) мемлекеттік қызметтер көрсету тәртібін айқындайтын заңға тәуелді нормативтік құқықтық актілердің жəне əлеуметтік жауапкершілігі бар қызметтер көрсетудің үлгілік қағидаларының жобаларын келісуді жүзеге асырады;
2019.25.11. № 272-VІ ҚР Заңымен 6) тармақша жаңа редакцияда (бұр.ред.қара); 2026.09.01. № 254-VIII ҚР Заңымен 6) тармақша өзгертілді (2026 ж. 12 наурыздан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)
6) мемлекеттік қызметтер көрсету тәртібін айқындайтын заңға тәуелді нормативтік құқықтық актілерді немесе əлеуметтік жауапкершілігі бар қызметтер көрсету қағидаларын әзірлеу бойынша орталық мемлекеттік органдардың қызметіне мониторинг жүргізеді;
7) 2022.14.07. № 141-VІІ ҚР Заңымен алып тасталды (бұр.ред.қара)
8) 2024.21.05. № 86-VIII ҚР Заңымен алып тасталды (2024 ж. 22 шілдеден бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)
2020.25.06. № 347-VІ ҚР Заңымен 8-1) тармақшамен толықтырылды; 2026.09.01. № 254-VIII ҚР Заңымен 8-1) тармақша өзгертілді (2026 ж. 12 наурыздан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)
8-1) дербес деректерді қорғау саласындағы уәкілетті органмен келісу бойынша мемлекеттік жəне əлеуметтік жауапкершілігі бар қызметтер көрсету кезінде жеке тұлғаларды биометриялық сәйкестендіру үшін олардың биометриялық деректерін жинау, өңдеу және сақтау қағидаларын әзірлейді және бекітеді;
2026.09.01. № 254-VIII ҚР Заңымен 8-2) тармақшамен толықтырылды (2026 ж. 12 наурыздан бастап қолданысқа енгізілді)
8-2) мемлекеттік жəне əлеуметтік жауапкершілігі бар қызметтерді көрсету саласындағы уəкілетті орган айқындайтын тəртіппен əлеуметтік жауапкершілігі бар қызметтер тізбесін қалыптастыруды жəне бекітуді жүзеге асырады;
9) 2024.21.05. № 86-VIII ҚР Заңымен алып тасталды (2024 ж. 22 шілдеден бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)
10) осы Заңда, Қазақстан Республикасының өзге де заңдарында, Қазақстан Республикасы Президентінің және Қазақстан Республикасы Үкіметінің актілерінде көзделген өзге де өкілеттіктерді жүзеге асырады.
9-бап. Ақпараттандыру саласындағы уәкілетті органның құзыреті
Ақпараттандыру саласындағы уәкілетті орган:
1) өз құзыреті шегінде мемлекеттік қызметтер көрсету саласындағы мемлекеттік саясаттың іске асырылуын қамтамасыз етеді;
2) - 6) 2015.17.11. № 408-V ҚР Заңымен алып тасталды (2016 ж. 1 наурыздан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)
7) 2019.25.11. № 272-VІ ҚР Заңымен алып тасталды (бұр.ред.қара)
2015.24.11. № 419-V ҚР Заңымен 8) тармақша жаңа редакцияда (бұр.ред.қара)
8) Бірыңғай байланыс орталығының жұмысын ұйымдастырады және үйлестіреді;
8-1) 2022.14.07. № 141-VІІ ҚР Заңымен алып тасталды (бұр.ред.қара)
2015.24.11. № 419-V ҚР Заңымен (бұр.ред.қара); 2022.14.07. № 141-VІІ ҚР Заңымен (бұр.ред.қара) 9) тармақша жаңа редакцияда
9) Бірыңғай байланыс орталығы қызметінің және Бірыңғай байланыс орталығының орталық мемлекеттік органдармен, облыстардың, республикалық маңызы бар қалалардың, астананың жергілікті атқарушы органдарымен, сондай-ақ көрсетілетін қызметті берушілермен өзара іс-қимыл жасауы қағидаларын бекітеді;
10) 2022.14.07. № 141-VІІ ҚР Заңымен алып тасталды (бұр.ред.қара)
2015.17.11. № 408-V ҚР Заңымен 11) тармақша жаңа редакцияда (2016 ж. 1 наурыздан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара); 2019.25.11. № 272-VІ ҚР Заңымен 11) тармақша өзгертілді (бұр.ред.қара)
11) мемлекеттік қызметтер көрсетудің электрондық нысанын көздейтін мемлекеттік қызметтер көрсету тәртібін айқындайтын заңға тәуелді нормативтік құқықтық актілердің жобаларын келісуді жүзеге асырады;
2015.17.11. № 408-V ҚР Заңымен 12) тармақша жаңа редакцияда (2016 ж. 1 наурыздан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара); 2019.25.11. № 272-VІ ҚР Заңымен 12) тармақша өзгертілді (бұр.ред.қара); 2024.21.05. № 86-VIII ҚР Заңымен 12) тармақша жаңа редакцияда (2024 ж. 22 шілдеден бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)
12) өз құзыреті шегінде мемлекеттік қызметтер көрсету саласындағы нормативтік құқықтық актілерді әзірлейді және бекітеді;
2015.17.11. № 408-V ҚР Заңымен 12-1) тармақшамен толықтырылды (2016 ж. 1 наурыздан бастап қолданысқа енгізілді)
12-1) құзыреті шегінде Мемлекеттік корпорацияның қызметін тексеруді жүзеге асырады;
12-2) 2024.21.05. № 86-VIII ҚР Заңымен алып тасталды (2024 ж. 22 шілдеден бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)
2019.25.11. № 272-VІ ҚР Заңымен 12-3) тармақшамен толықтырылды; 2022.14.07. № 141-VІІ ҚР Заңымен 12-3) тармақша жаңа редакцияда (бұр.ред.қара); 2024.21.05. № 86-VIII ҚР Заңымен 12-3) тармақша өзгертілді (2024 ж. 22 шілдеден бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)
12-3) мемлекеттік басқаруды цифрлық трансформациялау қағидаларына сәйкес орталық мемлекеттік органдардың, жергілікті атқарушы органдардың мемлекеттік қызметтер көрсету реинжинирингі жөніндегі қызметін үйлестіреді;
2023.06.02. № 194-VІІ ҚР Заңымен 12-4) тармақшамен толықтырылды (2023 ж. 1 сәуірден бастап қолданысқа енгізілді)
12-4) мемлекеттік көрсетілетін қызметтерді автоматтандыру процестерін бағалауды жүзеге асырады;
13) 2022.14.07. № 141-VІІ ҚР Заңымен алып тасталды (бұр.ред.қара)
2019.25.11. № 272-VІ ҚР Заңымен 13-1) тармақшамен толықтырылды; 2022.14.07. № 141-VІІ ҚР Заңымен 13-1) тармақша жаңа редакцияда (бұр.ред.қара)
13-1) проактивті қызметтер көрсету тәртібін бекітеді;
14) осы Заңда, Қазақстан Республикасының өзге де заңдарында, Қазақстан Республикасы Президентінің және Қазақстан Республикасы Үкіметінің актілерінде көзделген өзге де өкілеттіктерді жүзеге асырады.
2015.17.11. № 408-V ҚР Заңымен 9-1-баппен толықтырылды (2016 ж. 1 наурыздан бастап қолданысқа енгізілді)
9-1-бап. Орталық мемлекеттік органдар арасынан Қазақстан Республикасының Үкіметі айқындайтын уәкілетті органның құзыреті
Уәкілетті орган:
1) Мемлекеттік корпорацияның қызметі қағидаларын әзірлейді және бекітеді;
2) 2022.14.07. № 141-VІІ ҚР Заңымен алып тасталды (бұр.ред.қара)
3) Мемлекеттік корпорацияның қызметін ұйымдастыруды және бақылауды жүзеге асырады;
4) Мемлекеттік корпорацияның қызметін және оның көрсетілетін қызметті берушілермен өзара іс-қимыл жасауын үйлестіреді;
5) 2022.14.07. № 141-VІІ ҚР Заңымен алып тасталды (бұр.ред.қара)
2019.25.11. № 272-VІ ҚР Заңымен 6) тармақша жаңа редакцияда (бұр.ред.қара)
6) Мемлекеттік корпорация арқылы мемлекеттік қызметтер көрсету тәртібін айқындайтын заңға тәуелді нормативтік құқықтық актілердің жобаларын келісуді жүзеге асырады;
2019.25.11. № 272-VІ ҚР Заңымен 7) тармақша өзгертілді (бұр.ред.қара)
7) Мемлекеттік корпорация арқылы көрсетілетін мемлекеттік қызметтерді көрсету тәртібін айқындайтын заңға тәуелді нормативтік құқықтық актілерді жетілдіру жөнінде ұсыныстар әзірлейді;
8) Мемлекеттік корпорация көрсететін қызметтерге баға белгілеу тәртібін айқындайды.
10-бап. Орталық мемлекеттік органдардың құзыреті
Орталық мемлекеттік органдар:
2014.29.09. № 239-V ҚР Заңымен (бұр.ред.қара); 2019.25.11. № 272-VІ ҚР Заңымен (бұр.ред.қара) 1) тармақша жаңа редакцияда
1) мемлекеттік қызметтер көрсету тәртібін айқындайтын заңға тәуелді нормативтік құқықтық актілерді әзірлейді және бекітеді;
2) 2019.25.11. № 272-VІ ҚР Заңымен алып тасталды (бұр.ред.қара)
2015.03.12. № 433-V ҚР Заңымен 3) тармақша жаңа редакцияда (2016 ж. 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгiзiлдi) (бұр.ред.қара); 2026.09.01. № 254-VIII ҚР Заңымен 3) тармақша өзгертілді (2026 ж. 12 наурыздан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)
3) мемлекеттік жəне əлеуметтік жауапкершілігі бар қызметтер көрсету сапасын арттыруды, оған қолжетімділікті қамтамасыз етеді;
2019.25.11. № 272-VІ ҚР Заңымен 4) тармақша жаңа редакцияда (бұр.ред.қара); 2026.09.01. № 254-VIII ҚР Заңымен 4) тармақша өзгертілді (2026 ж. 12 наурыздан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)
4) мемлекеттік қызметтер көрсету тәртібін айқындайтын заңға тәуелді нормативтік құқықтық актілердің жəне əлеуметтік жауапкершілігі бар қызметтер көрсету қағидаларының қолжетімділігін қамтамасыз етеді;
2015.03.12. № 433-V ҚР Заңымен 5) тармақша жаңа редакцияда (2016 ж. 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгiзiлдi) (бұр.ред.қара); 2026.09.01. № 254-VIII ҚР Заңымен 5) тармақша өзгертілді (2026 ж. 12 наурыздан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)
5) көрсетілетін қызметті алушылардың мемлекеттік жəне əлеуметтік жауапкершілігі бар қызметтер көрсету тәртібі туралы қолжетімді нысанда хабардар болуын қамтамасыз етеді;
2026.09.01. № 254-VIII ҚР Заңымен 6) тармақша өзгертілді (2026 ж. 12 наурыздан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)
6) көрсетілетін қызметті алушылардың мемлекеттік жəне əлеуметтік жауапкершілігі бар қызметтер көрсету мәселелері бойынша өтініштерін қарайды;
7) көрсетілетін қызметті алушылардың бұзылған құқықтарын, бостандықтары мен заңды мүдделерін қалпына келтіруге бағытталған шараларды қолданады;
2015.03.12. № 433-V ҚР Заңымен (2016 ж. 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгiзiлдi) (бұр.ред.қара); 2022.27.06. № 129-VII ҚР Заңымен (бұр.ред.қара) 8) тармақша жаңа редакцияда
8) мемлекеттік қызметтер көрсету, мүгедектігі бар адамдармен қарым-қатынас жасау саласындағы қызметкерлердің біліктілігін арттыруды қамтамасыз етеді;
2022.14.07. № 141-VІІ ҚР Заңымен 9) тармақша жаңа редакцияда (бұр.ред.қара)
9) мемлекеттік басқаруды цифрлық трансформациялау қағидаларына сәйкес мемлекеттік қызметтер көрсету реинжинирингін жүзеге асырады;
2019.25.11. № 272-VІ ҚР Заңымен 9-1) тармақшамен толықтырылды
9-1) мемлекеттік көрсетілетін қызметтер тізіліміне жаңа мемлекеттік көрсетілетін қызмет енгізілгеннен кейін ақпараттандыру саласындағы уәкілетті органмен келісу бойынша Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес оны электрондық форматта көрсетуге ауыстыру бойынша шаралар қолданады;
10) мемлекеттік қызметтер көрсету сапасын бағалау және бақылау жөніндегі уәкілетті органға мемлекеттік қызметтер көрсету сапасын бағалауды жүргізу үшін ақпараттың, сондай-ақ мемлекеттік қызметтер көрсету сапасын ішкі бақылау нәтижелері бойынша ақпараттың Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен және мерзімдерде ұсынылуын қамтамасыз етеді;
2023.06.02. № 194-VІІ ҚР Заңымен 11) тармақша жаңа редакцияда (2023 ж. 1 сәуірден бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)
11) ақпараттандыру саласындағы уәкілетті органға мемлекеттік көрсетілетін қызметтерді автоматтандыру процесін бағалауды жүргізу үшін мемлекеттік қызметтер көрсету процесін автоматтандыру бойынша қабылданып жатқан шаралар туралы ақпаратты Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен және мерзімдерде беруді қамтамасыз етеді;
2015.17.11. № 408-V ҚР Заңымен 12) тармақша жаңа редакцияда (2016 ж. 1 наурыздан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара); 2026.09.01. № 254-VIII ҚР Заңымен 12) тармақша өзгертілді (2026 ж. 12 наурыздан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)
12) егер Қазақстан Республикасының заңнамасында өзгеше көзделмесе, Мемлекеттік корпорацияға мемлекеттік жəне əлеуметтік жауапкершілігі бар қызметтер көрсету үшін қажетті мәліметтерді қамтитын ақпараттық жүйелерге қолжетімділік береді;
2015.24.11. № 419-V ҚР Заңымен (бұр.ред.қара); 2023.23.12. № 50-VIII ҚР Заңымен (2024 ж. 24 ақпаннан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара) 13) тармақша жаңа редакцияда
13) мемлекеттік қызметтер көрсету тәртібі және мемлекеттік қызмет көрсету тәртібін айқындайтын заңға тәуелді нормативтік құқықтық актілерге енгізілген өзгерістер және (немесе) толықтырулар туралы ақпаратты олар бекітілген немесе өзгертілген күннен бастап үш жұмыс күні ішінде Мемлекеттік корпорацияға береді;
2022.14.07. № 141-VІІ ҚР Заңымен 13-1) тармақшамен толықтырылды; 2026.09.01. № 254-VIII ҚР Заңымен 13-1) тармақша өзгертілді (2026 ж. 12 наурыздан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)
13-1) өзінің аумақтық бөлімшелерінің, сондай-ақ облыстардың, республикалық маңызы бар қалалардың, астананың, аудандардың, облыстық маңызы бар қалалардың жергілікті атқарушы органдарының, қаладағы аудандар, аудандық маңызы бар қалалар, кенттер, ауылдар, ауылдық округтер әкімдерінің Қазақстан Республикасының мемлекеттік жəне əлеуметтік жауапкершілігі бар қызметтер көрсету тәртібін реттейтін заңнамасын сақтау жөніндегі қызметін үйлестіреді;
2026.09.01. № 254-VIII ҚР Заңымен 13-2) тармақшамен толықтырылды (2026 ж. 12 наурыздан бастап қолданысқа енгізілді)
13-2) мемлекеттік реттеуді немесе басшылықты жүзеге асыратын салаларда əлеуметтік жауапкершілігі бар қызметтерді көрсетудің үлгілік қағидаларын əзірлейді жəне бекітеді;
2026.09.01. № 254-VIII ҚР Заңымен 14) тармақша өзгертілді (2026 ж. 12 наурыздан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)
14) Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес мемлекеттік жəне əлеуметтік жауапкершілігі бар қызметтер көрсету сапасын ішкі бақылауды жүргізеді;
2019.25.11. № 272-VІ ҚР Заңымен (бұр.ред.қара); 2026.09.01. № 254-VIII ҚР Заңымен (2026 ж. 12 наурыздан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара) 15) тармақша өзгертілді
15) көрсетілетін қызметті берушілердің мемлекеттік қызметтер көрсету тәртібін айқындайтын заңға тәуелді нормативтік құқықтық актілерді жəне əлеуметтік жауапкершілігі бар қызметтер көрсету қағидаларын сақтауын қамтамасыз етеді;
16) осы Заңда, Қазақстан Республикасының өзге де заңдарында, Қазақстан Республикасы Президентінің және Қазақстан Республикасы Үкіметінің актілерінде көзделген өзге де өкілеттіктерді жүзеге асырады.
11-бап. Облыстардың, республикалық маңызы бар қалалардың, астананың, аудандардың, облыстық маңызы бар қалалардың жергілікті атқарушы органдарының, қаладағы аудандар, аудандық маңызы бар қалалар, кенттер, ауылдар, ауылдық округтер әкімдерінің құзыреті
Облыстардың, республикалық маңызы бар қалалардың, астананың, аудандардың, облыстық маңызы бар қалалардың жергілікті атқарушы органдары, қаладағы аудандардың, аудандық маңызы бар қалалардың, кенттердің, ауылдардың, ауылдық округтердің әкімдері:
2015.03.12. № 433-V ҚР Заңымен 1) тармақша жаңа редакцияда (2016 ж. 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгiзiлдi) (бұр.ред.қара); 2026.09.01. № 254-VIII ҚР Заңымен 1) тармақша өзгертілді (2026 ж. 12 наурыздан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)